We understand better that enim ad minim veniam, consectetur adipis cing elit, sed do

“Дин-Асыл” бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мекен-жайы:Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы , Дербісек ауылы, Шоңғара ата көшесі №32 құрылыс.

Бөбекжай-балабақшаның сыйымдылығы – 475 балаға арналған.

  1. 25.07.2011жылы 150 балаға  6- топ ашылды                                        
  2. 23.11.2011жылы 50 балаға  2- топ ашылды                                 
  3. 23.08.2012жылы 200 балаға 8-топ ашылды                             
  4. 11.06.2013жылы 75 балаға 3-топ ашылды

Балабақша ғимараты типтік. Балабақша 475 орындық, қазіргі таңда 404 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 18 топқа топтастырылған.

Балабақша аптасына 5 күн жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін.

Он  сегіз топ жұмыс жасайды.Кіші жас «Кәусар», «Жауқазын» «Жұлдызша» «Маржан» «Балапан» топтары жас ерекшелігі (2 жастағы балалар), орта жас «Балдәурен», «Ертарғын» «Көгершін» «Бөбек» тобы жас ерекшелігі (3 жастағы балалар) , ересек жас «Ботақан» «Балауса» «Қарлығаш» «Еркетай» «Ертөстік» тобы жас ерекшелігі (4 жастағы балалар), «Айгөлек» «Балбөбек» «Бүлдіршін»  «Нұршуақ» мектепалды даярлық тобы жас ерекшелігі (5 жастағы балалар). Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Жас ерекшелігіне қарай балалар топтарында қабылдау бөлмесі, ойын-жатын бөлмесі, ыдыс жуатын бөлме, жуыну бөлмесі бар.

Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі қазандық арқылы табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және 32 бейне бақылау камераларымен жабдықталған.

Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары мен сәндік, саялы ағаштар егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.