ЖШС «Дин-Асыл» бөбекжай балабақшасындағы әдістемелік жұмысы
Балабақшадағы әдіскер – мекеменің жүрегі, педагогикалық үрдістің үйлестірушісі әрі сапалы білім мен тәрбиенің негізгі бағыттаушысы. Қазіргі заман талаптарына сай жаңашыл әдіскер келесі кәсіби рөлдерді қамтиды:
Әдіскер – технолог
Әдіскер – басқарушы
Әдіскер – педагог
Әдіскер – зерттеуші
Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты – баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіру. Балаға жылы жүрекпен жақындап, өз ісін сүйетін педагог қалыптастыру – әдіскер қызметінің маңызды бөлігі.
Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі. Сондықтан педагогтердің бойында ізгілік, адамгершілік, еңбекқорлық сияқты құндылықтарды нығайту арқылы ғана баланың дұрыс тәрбиеленуіне жағдай жасалады. Балабақшаның әр күні қызықты, мазмұнды әрі мәнді өтуі үшін тәрбиешілер өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Әдістемелік бөлім тәрбиешілердің кәсіби даму бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді:
заманауи білім беру технологияларын меңгерту,
біліктілікті арттыру курстарына бағыттау,
тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру,
шығармашылық жұмыстарға қолдау көрсету.
Әдіскер педагогтармен тығыз байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеріп, үздік тәжірибелерді ортақ жұмыс жүйесіне енгізеді. Сонымен қатар, ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында түрлі іс-шаралар, мерекелік ертеңгіліктер, байқаулар жоспарлы түрде өткізіліп отырады.
Балабақша – кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы үлкен ортасы, олардың жан дүниесі мен ой-өрісі қалыптасатын тәрбиелік мекеме. Балалар – еліміздің болашағы, сондықтан әдістемелік жұмыстың басты міндеті – рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу мен сапалы білім беруді жүйелі ұйымдастыру.
